10.04.2017, 16:58
Оқылды: 51

БҚО-да мектеп оқушысы әмбебап бесік жасап шығарды

Төрт түрлі мақсатта қолданылатын бұл бесіктің авторы - Трекин ауылына қарасты Новенький мектебіндегі «Шеберліктің қыр-сыры» үйірмесінің тәрбиеленушісі, 9 сынып оқушысы Нұрдәулет Руланов.

Жас шебердің жетекшісі, ІІ санатты  технология пәнінің мұғалімі Бейбіт Мұқанәлиевтің айтуынша, оның жасалуына бес айдай уақыт кеткен.

- Алдымен нобайын сызып, қажетті жабдықтарын дайындадық. «Әмбебап» деп атауы айтып тұрғандай, бесікті сәбиді тербетуге, балаға тамақ ішуге арналған үстел ретінде, бөбектің буыны қатып, жүре бастаған шағында итермелі жүру құралы есебінде пайдалануға мүмкіндік бар. Сондай-ақ сәбимен сапарға шыққанда немесе қонаққа барған кезде қолайлы болу үшін жиналмалы етіп жасалған, -дейді жас өрен.

- Әмбебап бесік туралы толық ақпаратты YouTube каналынан https://www.youtube.com/watch?v=hK-yxH50zKc сілтемесі арқылы алуға болады.

Нұрдәулет іске өте епті әрі икемді, еңбекқор, алға қарай талпынып, үнемі ізденісте жүреді, - деп шәкіртінің талабына ризашылығын білдірген Бейбіт Маратұлы үйірменің басты мақсаты оқушыларды халқымыздың ұмытылып бара жатқан қолөнер түрлерімен оқушыларды таныстыру, шығармашылыққа баулу, қазақтың ұлттық жәдігерлері мен бұйымдарын заманауи талапқа сай жасап, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту екендігін айтып өтті.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале