21.04.2019, 19:43
Оқылды: 100

БҚО-да мектеп оқушысы машина айдап, апатқа ұшырады

Жаңақала ауданында жол апаты орын алып, 17 жасар қыз бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20241056a24f01c6f640abe7b63e1ae4_XL

Оқиға кеше кешкісін аудан орталығы Жаңақала ауылы маңында болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, Жаңақалаға 4 шақырым жерге сағат 19.20-да жедел жәрдем шақыртылды. Жол-көлік оқиғасынан 2002 жылғы қыз бала зардап шеккен. Түнде Орал қаласынан нейрохирург, хирург, реаниматолог шақыртылған.

«Қызға ота жасалды, жағдайы өте ауыр», - дейді Айнагүл Сақпосынова.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі Чапаев-Сайқын жолының 121-шақырымында, Жаңақала ауылы тұсында рульге ие бола алмай, көлігі аударылып қалған. Автокөлік рулінде Жаңақала ауылындағы №3 мектептің 11-сынып оқушысы болған. Көлікте одан басқа тағы 5 оқушы отырған. Алдын ала мәлімет бойынша немересі атасынан автокөліктің кілтін сұрап алып, сыныптастарымен бірге қызғалдақ теруге барған.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале