21.06.2019, 17:42
Оқылды: 302

БҚО-да мемлекеттік қызметкерлер күні аталып өтті

Биыл елімізде Мемлекеттік қызметкер күні алтыншы мәрте аталып өтілуде. Айта кетейік, 2013 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің №716 Қаулысымен 23 маусым - Мемлекеттік қызметкер күні болып бекітілді.

gossluzhashie (3)

Бүгін өңірдегі мемқызметкерлер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Облыстық мәслихаттың залында өткен салтанатты жиынға облыс әкімі Ғали Есқалиев, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы Болат Исақов, мемлекеттік қызмет саласының қызметкерлері мен ардагерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.

gossluzhashie (2)

-Елге қызмет ету – абыройлы міндет. Алаштың көрнекті қайраткері, үш арысымыздың бірі Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген екен. Мемлекеттің дамуына мемлекеттік қызметкердің қосар үлесі мен салмағы ерекше екені даусыз. Мемлекеттік қызметкер атану, адамның жан-жақты білімді, жауапкершілігі мол және білікті әрі кәсіби маман болуын талап етеді. Біз мемлекеттік қызметті тартымды әрі тұрақты ету мақсатында меритократия қағидасының сақталуы, ашықтық пен жариялылықтың қамтылуы, көрсетілетін қызметтерді цифрландыру секілді үш басым бағытты ұстанудамыз. Бүгінгі таңда өңірімізде төрт мыңнан аса мемлекеттік қызметкер бар. Меритократия қағидасына және ротацияға сәйкес соңғы екі жылда «Орталық – өңір», «Өңір – орталық» және «облыс – аудан», «аудан – облыс» жүйесі бойынша жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік органдардағы 100-ге жуық басшылық лауазымға осы қағидаттарға сай тағайындалды. Қызметі бойынша жоғарылаған азаматтардың 95 проценті жергілікті кадрлар. Елбасымыз «Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде білім алған жастарды елдегі жаңа реформаның негізгі күшіне айналуы үшін ауылдық жерлерге қызметке жіберу керектігін тапсырған болатын. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 140-тан астам болашақтықтар ел игілігіне қызмет етуде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет саласына меритократия негізінде тек білімді де лайықты жастардың тарту керектігіне баса назар аударып отыр. Өткен жылдың өзінде біздің облыстағы 40-қа жуық мемқызметкер меритократия қағидатына сәйкес қызмет бабында жоғарлады. Сондықтан өңір жастарын белсенділік танытып, мемлекеттік қызметке келіп, ел әлеуеті мен экономикасын дамыту жолында өз үлестерін қосуға шақырамын. Жауапкершілігі мол салада адал қызмет етіп жүрген барша әріптестерімді бүгінгі кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын,-деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.-ақ салтанатты шараға қатысушыларды ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы Болат Исақов, мемқызмет саласының ардагерлері атынан Есберген Әжібаев, өңір кәсіпкерлері атынан Лилия Хайруллина құттықтады. соңында мемлекеттік қызмет саласында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ белсенді жанға облыс әкімі мен департамент басшысының алғыс хаттары табысталды. Олардың қатарында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Асқар Әбуғалиев, Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, Тасқала аудандық білім бөлімінің бас маманы Дәметкен Хаирова сынды мемқызметкерлер бар.

gossluzhashie (6)

Сонымен қатар аталған шарада мемқызметкерлер күніне орай өткізілген дәстүрлі спартакиаданың жеңімпаздары марапатталып, мемлекеттік қызметке жаңадан келген жас мамандар ант қабылдады.

gossluzhashie (7)

Нұрбек Оразаев,

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

gossluzhashie (8)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале