17.05.2018, 15:03
Оқылды: 57

БҚО-да «MEN QAZAQPYN» халықаралық жобасына іріктеу 26 мамырда басталады

DSC_0239«MEN QAZAQPYN» халықаралық жобасының екінші маусымы басталуына байланысты Ақжайық өңірінде дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілердің телевизиялық іріктеу кезеңі өтеді. Шараны Батыс Қазақстан әкімдігінің қолдауымен, облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, «Қазақстан»РТРК АҚ-ы БҚО филиалы және облыстық халық   шығармашылығы орталығының бірлесіп ұйымдастыруда.     Бұл туралы «Қазақстан» РТРК БҚОФ директоры Асыланбек Ғұбашев, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры М.Жұбатов баяндады.

Мұхит ән мектебінің, Құрманғазы  күй  мектебінің мұрасын жалғаушы жандардың мегажобаға кеңінен атсалысуы мақсатында Халықаралық мегажобаның БҚО аудандарындағы іріктеу байқаулары мамыр айының 26-сы күнінен бастау алып Ақжайық және Бөрлі аудандарының жампоздары сынға түседі. Ұлттық ән мен күйдің көрігін 27 мамырда Шыңғырлау мен Жаңақала аудандары қыздырады. 28 мамырда Бөкей Орда және Қаратөбеде болса,  29 мамырда Жәнібек пен Сырым ауданының үміткерлері бақтарын сынайды. 30 мамырда Қазталов ауданы мен Теректі ауданы, 1 маусымда Тасқаладағы байқау өңірдің ең биік нүстесі Ешкітаудың басынан басталады.  Ал 2 маусымда Зеленов ауданында өтеді.

Облыс орталығында өткізілетін іріктеу турынан іріктелген жүйріктер телевизиялық  жобаға жолдама алып, Астана қаласында бас қосады.  Жанр бойынша 2 термеші, 2 дәстүрлі әнші, 2 күйші  жолдама алады. Әр қатысушыға шамамен (әнші, термеші мен күйшіге) 3-5 минут уақыт беріледі.

Байқауға Қазақстан Республикасында тұратын және алыс-жақын шетелдердегі қандас бауырлардың 18 бен 40 жас аралығындағы, қазақ композиторларының және халық әндерін домбыра, қобыз, сырнай аспаптарының сүйемелдеуінде орындайтын өнерпаздар қатыса алады.

Айта кетейік, өткен жылы  «MEN QAZAQPYN» жобасына  3 мыңнан астам адам қатысуға өтініш білдіріп, 57 өнерпаз телевизиялық байқауға жолдама алды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале