6.12.2017, 16:48
Оқылды: 62

БҚО-да мобильді ХҚКО арқылы 30 мыңнан астам қызмет көрсетілген

Алғашқы мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары 2011 жылы құрылған болатын. Мобильді топтарды құрудың мақсаты - мемлекеттік қызметтердің халыққа қолжетімділігін арттыру болатын. Оған дейін шалғай елді мекендердің тұрғындары құжаттарын тапсырып, қажетті қызмет түрін алу үшін жүз шақты шақырым жердегі аудан орталықтарына жүгінуге мәжбүр болатын. Мобильді ХҚКО бұл мәселенің шешілуіне оң ықпал етті.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Марат Бассаровтың айтуынша, қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы бойынша барлық аудандарды қамтитын 5 мобильді ХҚКО жұмыс жасайды. Мемлекеттік қызметтер сұранысқа ие ауылдардың тізімін жергілікті әкімдіктер ұсынады. Оған қоса, ауылдық округтің аудан орталығынан қашықтығы және халық саны ескеріледі. Ағымдағы жылдың басынан бері 63 ауылдық елді-мекен қамтылып, 799 іссапар жасалған және 30 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Қазіргі уақытта электрондық анықтамалар мен әлеуметтік қызмет түрлері үлкен сұранысқа ие, атап айтқанда: мекенжай анықтамасын беру, тұрғын үй көмегін тағайындау, он сегіз жасқа толмаған балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және т.с.с.

- Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп пилоттық жобаны іске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік корпорацияның қызметтерін «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді почта арқылы алу үшін, ауыл тұрғындары құжаттар пакетін ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтініш берулері және қажет болған жағдайда, мемлекеттік баж салығын төлеулері тиіс. Қазпочта операторы өтініштерді қабылдап, құжаттар пакетін қалыптастырады және оны жақын жердегі халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтеді. Онда ХҚКО маманы қызметті рәсімдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жібереді», – деп қосты М.Бассаров.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

БҚО бойынша филиалы –

«Халыққа қызмет көрсету орталығы»

департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале