13.02.2017, 18:02
Оқылды: 19

БҚО-да мұнайды қайта өңдейтін зауыт салынбақ

Теректі ауданы Богданов ауылдық округіне қарасты Алғабас елді мекенінде «АВS-мұнай» ЖШС мұнайды қайта өңдейтін зауыт салмақ.

Аудан әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша, онда жоғары сапалы битум, дизельді отын, керосин мен бензин өндірілмек. Шетелдік инвесторлар қолға алғалы отырған жоба құны 400 млн. АҚШ долларынан асады. Зауыт құрылысы үш жылға жоспарланған, оған 500-дей адам тартылмақ. Ал зауыт іске қосылған кезде 200 адам еңбек етсе, соның жартысы жергілікті тұрғындар болмақ. Құрылыс кезінде Подстепный-Федоров-РФ шекарасы бағытындағы жолдың бір тармағы ретінде Алғабас стансасына дейін жол салынбақ.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале