12.11.2019, 11:42
Оқылды: 496

БҚО-да өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 11%-ға өскен

Бұл жайлы Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімі Ғали Есқалиев айтты.

qali esqaliev

-Батыс Қазақстан облысының экономикалық дамуында оң көрсеткіштер бар. 2019 жылдың І жарты жылдығында жалпы өңірлік өнім 1,4 трлн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 145 млн. теңгеге өсті.

Ал өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі төмендеді. Бұған Қарашығанақ кең орынының жер қыртысындағы су мөлшерінің жоғарлауы мен зауыттың жоспарлық жөндеуге тоқтатылғаны әсер еткен. Дегенмен жыл басталғалы 1,8 трлн. теңгеге жуық өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылғы көрсеткішке қарағанда төмендемеген.

Мұнай секторында Батыс Қазақстан облысының үлесі 13,1% (республика бойынша 3 орын). Ал газ қорының үлесінен республикада екінші орында (35,1%).

Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 148 млрд. теңге құрап, 11%-ға өсіп отыр. Салық пен төлемдерден мемлекеттік бюджетке 273 млрд. теңге түсті. Айта кету керек, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 60 млрд. теңгеге арты, - деді облыс әкімі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале