31.10.2018, 17:10
Оқылды: 92

БҚО-да өңір меценаттары «Жомарт жүрек – 2018» сыйлығымен марапатталды (СУРЕТ)

Оралда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жерінің игілігі үшін жарқын істерімен таныла білген өңір меценаттарын «Жомарт жүрек – 2018» сыйлығымен марапаттау форумы өтті.  Форумға қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірдің, ауыл-аймақтың дамуына зор үлес қосып жүрген 29 меценатқа «Жомарт жүрек» сыйлығы мен алғысхат табыс етті.

jomart jurek (14)

Олардың қатарында «Жыл меценаты» аталымымен «Автокомбинат» ЖШС директоры Валерий Голоухов, «Жылдың әлеуметтік жауапты ұйымы» аталымы бойынша «Uniserv» ЖШС бас директоры Нұрғазы Сәтбаев, «Алтын ұя» аталымымен «Конденсат» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Валерий Жүнісов марапатталды. Ал «Туған өлке» аталымы бойынша «Отделстрой» ЖШС СКФ директоры Валентина Михно, «КТК» ЖШС директоры Сержан Айтжан, «БелесАгро» ЖШС директоры Мұрат Жәкібаев, «Батыс Пауэр» ЖШС директоры Жасұлан Жақыпов және Батыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестігі марапатталды.

         Сонымен қатар шара барысында облыс әкімі алғысхатына жүректері жылылық пен мейірімділікке толы, туған жерлеріне өздерінің еңбектерімен, отансүйгіштік қасиеттерімен елеулі үлес қосып жүрген «ГазПромПроект» ЖШС директоры Михаил Кульпин, ақжайықтық «Сәбит» шаруа қожалығының жетекшісі Ерболат Құрманғалиев, Бөрлі ауданындағы «Ақсай Бизнес Строй» ЖШС бас директоры Анвар Агаев - барлығы  14 жомарт жан ие болды.

         Марапат иелерін облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, «ҚР Мәдениет қайраткері», халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен, өлкетанушы Жайсаң Ақбай құттықтықтап, меценаттарды «Жомарт жүрек» сыйлығының аталымдарымен марапаттады.

         Маңызы зор шараға арнайы шақырылған еліміздің танымал әнші, тележүргізушілері Айгүл Иманбаева мен Қазбек Қасымның орындауындағы әндер мерекелік кештің шырайын аша түсті.

Медхат ҚАМБЕТОВ, БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ның басшысы, «Туған өлке» аталымының иегері:

– Біздің облыста 53 этномәдени бірлестік болса, соның 16-сы облыс орталығында орналасқан. Бірлестіктер күнделікті жоспарлы жұмыстарынан тыс туған ел мен жерге жақсылық жасаудан тартынған емес. Биылғы жылдың көктемінде Зеленов ауданына қарасты Көшім ауылдық округінің Өркен ауылына «Достық» бағын сыйға тарттық. Бұл жұмысқа шаһардағы барлық этномәдени бірлестіктер жұмыла атсалысты. Өз қаржыларына салынған баққа 360 түп ағаш отырғызылды. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» дегендей, бұл ауызбіршілік пен достықтың, тұрақтылық пен тұтастықтың арқасында жасалған іс бұл.

Роберт ИРМЕНОВ, «Орал Полимер» ЖШС директоры, «Әлеуметтік саланың дамуына қосқан үлесі үшін» аталымының иегері:

Біздің компания ұзақ жылдан бері көп қабатты тұрғын үй салумен айналысады. Бүгінге дейін өз қаражатымыздың есебінен облыс орталығында 20-дан астам көп қабатты тұрғын үй салдық. Соңғы жылдары жергілікті әкімшілікпен бірлесіп, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында ескі үйлердің орнына жаңа көп қабатты тұрғын үй салумен айналысудамыз. 2016 жылы қыс мезгілінің қарсаңында Орал қаласындағы төрт пәтерлі тұрғын үй өртеніп кеткен болатын. Панасыз қалған тұрғындарға көмек қолымызды созып, өртенген үйдің орнына су жаңа баспана салып берген болатынбыз. Еңбегіміз еленіп, осындай марапатқа ие болғанымызға қуаныштымын.

jomart jurek (1) jomart jurek (4) jomart jurek (11) jomart jurek (15) jomart jurek (16)

jomart jurek (9) jomart jurek (12)

jomart jurek (10) jomart jurek (6) jomart jurek (19)

mecenat (1) mecenat (3) mecenat (4) mecenat (5) mecenat (6) mecenat (7) mecenat (8) mecenat (9) mecenat (10) mecenat (11) mecenat (12)

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздіңInstagram және Telegram парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале