28.06.2017, 11:17
Оқылды: 27

БҚО-да өткен жылы 20 адам суға кеткен

3Су айдындарында адам қазасының негізгі себебі -  адамдардың  судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы. 2016 жылы облыс көлемінде 20  адам  суға батса, соның 9-ы балалар, 2015 жылы 29 адам оның 13-і балалар  болатын.


Суда  адам қазазына жол бермеу, өміріне  қауіпті жағдайларды болдырмау үшін келесі қауіпсіздік ережелерін  сақтау қажет:

 

 

1. Адам қауіпсіздігін қаматамсыз етуге кешенді шаралар жасалған, яғни түбі тазартылып, тексерілген, құтқарушылар кезекшілік атқаратын, кішкентай балалардың шомылуына жағдай жасалған арнайы суға шомылуға рұқсат етілген жерлерде суға шомылу;

2. Ішімдік ішкен күйде суға түсуге мүлдем рұқсат етілмейді. Қайғылы оқиғалардың көбі  суға мас күйде түскенде тіркеледі. Масаң күйдегі адамның суға бату мүмкіндігі бұл кезде арта түседі. «Судағы мас адам – жартылай суға батушы» дейді мұндайда. Алкогольді ішкен адам өз күшін сынауға шебер болады, яғни өз-өзін бақылаудан ауытқып, денесін әрең ұстайды.

3. Судың жағасынан сүңгу ауыр жарақаттануға, ес жоғалтуға  және адам  өліміне әкелуі мүмкін. Егерде сіз жоғарыдан секіріп, сүңгуді ұнатсаңыз арнайы белгіленген жерді таңдаңыз, әлбетте  құтқарушы немесе нұсқаушы болуы қажет.

4. Суға түскен кезде қатты ағысы бар Жайық өзеніне рұқсат етілмеген, жүзу үшін арналмаған заттарды пайдаланбаңыз (доп, машинаның камерасы, баклашкілер, тағы басқа), сонымен қатар суға түсуге арналған  үрлемелі шеңберлерге, күмәнді құтқару заттарына сенім артпаңыз.

5. Су жағасында жүзіп  немесе жай ғана жағасында ойнап жүрген балаларға ерекше назар аударыңыз.  Балалар үрлемелі бассейнде, арықта, жаңбырдың суы бар құдықтарда, тағы басқа да  жағдайларда батып  кетуі мүмкін. Осыған орай, ата-аналар жазғы демалыс кезінде өз балаларынызды, қайда демалып, бос уақытын қайда өткізіп жүргенін қадағалауыңыз керек.

6. Серуен, балық аулауға барған кезде жүзу құрал- жабдықтарын пайдалану барысында қауіпсіздікті естеріңізден шығармаңыздар:  құтқару желетін киіңіз, қараңғы уақытта суға түспеңіз, кеменің сыйымдылығын шамадан тыс асырмаңыз.

Ұйымдастырылған құтқару бекетінің құтқарушылары жыл сайын адам өмірін сақтап қалуда. Мәселен, 2016 жылы 22 адам  құтқарылса, соның ішінде 8 бала. Биылғы жылдың өзінде Шаған өзенінде құтқарушылар 12 жастағы жасөспірімді құтқарды. Қазіргі таңда суға түсу маусымында еріктілерді тарту жұмыстары жүргізілуде.

 ТЖД БҚО Жедел-құтқару жасағының

Сүңгуірлік-құтқару қызметінің басшысы
A.Еремеев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале