9.03.2017, 17:19
Оқылды: 16

БҚО-да өткен жылы 24 кәсіпкерге айыппұл салынды

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында облыстық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Жайдар Құрмановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.


- Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізді. Нәтижесінде 619 сәйкессіздік анықталып, 25,4% құрады. Оның ішінде 519 (83,9%) таңба бойынша, микробиологиялық көрсеткіш бойынша 43 (7%), санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 56 (9%), паразитологиялық көрсеткіш бойынша 1 (0,1%). Мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді жою мақсатында кәсіпкерлік субъектілеріне 192 ұйғарым берілді. Жеке кәсіпкерлерге қатысты 54 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды, оның ішінде 17 объектіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік хаттама толтырылды, - дейді Ж.Құрманов.

Оның айтуынша, әкімшілік сотқа 37 материал жолданып, нәтижесінде 24 кәсіпкерге айыппұл салынған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 5 514 600 теңге.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале