30.05.2017, 11:41
Оқылды: 17

БҚО-да өткен жылы 9 бала суға кетті

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов айтты.


- 15 мамырда облыс әкімінің қатысуымен суда адам өлімінің алдын алу, болдырмау мақсатында жоспар жасалды. Сондай-ақ төтенше жағдай комитеті облыстық комиссиясының отырысы өтті. Айта кетейін, облыстағы су көздерінде соңғы 10 жылда 321 адам, соның ішінде 78 бала қаза тапты. Қазаның негізгі себептері - қауіпсіздік ережелерін сақтамау, арнайы белгіленбеген орындарда суға түсу, балаларды су қасында үлкендердің назарынсыз қалдыру, - деді ол.

Сала мамандарының айтуынша, судағы қауіпсіздік бойынша әдістемелік оқулық құрастырылып, азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аумақтық облыстық кіші жүйесінің басқарма органдарына жолданған.

А.Ахметжановтың айтуынша, тұрмыстық жарақат, яғни ашық құдықтарға, люктерге түсіп кетуден сақтану қажет. Естеріңізде болса, биыл Қаратөбе ауданында Үшана ауылында, белгісіз жағдайда екі кәмелетке толмаған бала моншаның құдығына құлап, батып кеткен болатын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале