8-707-808-48-55
8.09.2018, 11:36
Оқылды: 161
БҚО-да республикалық ата-аналар конференциясы өтті

Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы 11 облыстық мектеп-интернаты кешенінде "21 ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол" атты республикалық ата-аналар конференциясы өтті.

IMG-20180908-WA0019
Конференцияға ҚР білім және ғылым министрлігінің өкілі Ақтоты Жұмабекқызы және облыстық білім саласының мамандары қатысты. Балалары бірінші сыныпқа қадам басқан ата-аналарға психологиялық-педагогикалық бағытта көмек беру мақсатында ұйымдастырылған шарада баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернетке тәуелділігінің алдын алу, мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу тақырыптарында ата-аналарға арнайы қенес берілді. Мектеп директоры Алмас Мұқанов мектеп ережесі, отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелеріне тоқталды. Конференция да баланың интернетке тәуелділігі, бірыңғай мектеп формасы туралы бейнероликтер ұсынылды.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ,

Zhaikpress.kz

IMG-20180908-WA0029

IMG-20180908-WA0024

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру