31.05.2018, 17:52
Оқылды: 29

Республикалық бюджеттің атқарылуын тексеру комиссиясының БҚО бойынша төрағасы ауысты

Бүгінгі облыстық мәслихат сессиясында республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Әділғазы Бергенов ҚР Президенті әкімшілігінің басшылығының келісімімен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Н.Годунованың БҚО бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Амангелді Нұғмановты атқарып отырған қызметінен босату және оның орнына төрағалыққа Әлібек Қадырбековты тағайындауды ұсынатынын жеткізді.

Әлібек Чапайұлы - өңіріміздің тумасы, 28 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызмет саласында, ұзақ жылдар бойы алты облыста салық органдарында жұмыс істеген, соңғы қызмет орны Ақтөбе облысының салық департаментінде басшылық қызмет атқарды.

Ұсынысты депутаттар корпусы мақұлдады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов Астанаға ішкі аудит қызметіне ауысқан А.Нұғмановқа өңірді дамытуға қосқан еңбегі үшін алғыс айтып, облыс әкімі атынан алғысхат табыс етті. Сондай-ақ облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар да мәслихат атынан алғыс хат табыс етіп, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Фото Темірболат Тоқмамбет

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале