11.06.2019, 15:12
Оқылды: 36

БҚО-да санитарлық-гигиеналық талапқа сәйкес келмейтін 52,5 келі өнім жойылды

Халық тұтынатын өнімдердің (тауарлардың) сапасына мониторинг жүргізу шеңберінде есепті мерзім ішінде сауда нысандарынан  сараптама жүргізуге «ҰТО» облыстық филиалы 1 564 өнім үлгісін сатып алған. Оның 1 094 сынамасы (70 %-ы) тамақ өнімі, 470 сынамасы (30%-ы) өнеркәсіптік тауар болған.

inom

Жүргізілген сараптама нәтижесінде өнім үлгілерінің ішінен 294 сынама немесе 19%-ы Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Зерттеуге алынған 1094 азық-түлік өнімінің үлгілерінен 130-ы (12%-ы) талапқа сәйкес болмай шықты. Азық-түлік өнімдері үлгілерінің басым көпшілігінде, яғни 79,2 %-ы (103 сынама) негізінен таңбалау талаптары бұзылған. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 10,7%-ында (14 сынамада) сәйкессіздіктер анықталды. Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер аудан орталықтарынан да, Орал қаласында да табылды. 52,5 келі өнім сөреден алынып, жойылды. Сатушылар мен өнімді өткізушілерге 404 000 теңгеге бес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып,  бұзушылықтарды жою туралы 72 ұйғарым берілді, - деді брифингте Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ринат Құбатаев.

Департамент басшысы ұсынған мәліметке сүйенсек, Орал қаласындағы «Антипов» ЖК-ның «Алтын» дүкенінен «Турбаслинский бройлер Филе»,  «Старкова М.А.» ЖК-ның «Лилия» дүкенінен «Пельмени народные замороженные», «Силантьева О. А.» ЖК-ның «Гастроном» дүкенінен «Тушка цыпленка бройлера 1 сорт», «Идеал Маркет» ЖШС-ның «Лидер» дүкеніне «Колбаса полукопченая «Краковская» және Тасқала ауданындағы «Мүсенов А.Т.» ЖК-ның «Айгүл» дүкенінен  «Пельмени говяжьи» өнімдерінен микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталды.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале