4.12.2019, 10:30
Оқылды: 459

БҚО-да шенеунік жалға берілетін баспанаға бөлінген қаражатты жымқырған

"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

jem

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін "БҚО Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" ММ басшысы Д. М. Ағеділовке қатысты Бөрлі ауданының Ақсай қаласында жалдамалы тұрғын үйге және мемлекеттік мекеме үшін тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға бөлінген жалпы көлемі 2 миллион 779 мың теңге бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен тергеу амалдарын жүргізген.

"Биыл 3 желтоқсанда Бөрлі аудандық соты Д.М. Ағеділовті кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан және 3 жылға бас бостандығынан айырды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мемлекет басшысы 28 қараша күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале