2.03.2017, 15:46
Оқылды: 27

БҚО-да шығып қалған депутаттардың орнына 6 үміткер тіркелді

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізу 26 наурызға белгіленген.


Батыс Қазақстан облысы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды.

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау №12 Пугачев сайлау округі бойынша Бөрлі ауданында және №4 қалалық сайлау округі бойынша Орал қаласында өткізіледі.

Бүгінгі таңда 6 адам ұсынылып, тіркеуден өтті. Олардың 4-уі өзін-өзі ұсынушы, екеуін саяси партия («Нұр Отан» партиясы) ұсынды.

Сайлау науқаны сайлау заңнамаларының нормаларына сай өткізілуде.

Сайлау комиссияларына арыз-шағымдар түскен жоқ.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале