21.12.2018, 9:55
Оқылды: 51

БҚО-да спорт саласының үздіктері марапатталды (СУРЕТ)

Орал қаласында «Grand Zodiak» мейрамханасында «Жыл қорытындысы - 2018» шарасында спорт саласының үздіктері марапатталды.

спорт (42)

 

Ел даңқын асқақтатқан спортшылар көрермендер алдынан салтанатты түрде жүріп өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов өңірде спортшыларды жетістіктерімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Жыл қорытындысына сәйкес «Үздік спорттық аудан» аталымына Бөрлі ауданының әкімдігі лайық деп танылды. Бөрлі ауданында Астананың 20 жылдығына ауыл жасөспірімдерінің ІІ жазғы ойындарын және самбо күресінен 2002-2003 жылғы ұл мен қыздар арасында өткен ел чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылған. «Үздік федерация» аталымын облыстық спорттық және әскери самбо федерациясы иеленді. «Жыл серпілісі» аталымына дзюдо күресінен жастар арасында Азия чемпионы, ересектер арасында өткен ел чемпионатының күміс жүлдегері Аңсарбек Ғайнуллин қол жеткізді. Байдарка мен каноэ есуден жасөспірімдер арасында Азия чемпионы Ділназ Алмағамбетова «Үміт артар спортшы» ретінде бағаланды.

«Үздік команда» ретінде допты хоккейден әлем чемпионатында қола жүлде иеленген «Ақжайық» спорт клубының жастар құрама командасы мараптталды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының сайтындағы байқауда ең көп дауыс жинаған тхэквандо ITF-тен Азия чемпионы, әлем кубогінің жеңімпазы Алессандро Карбоне «Көрермендер көзайымына» айналып үлгерді. Самбо күресінен жақында әлем чемпионы атанған Нұрбол Серіковті дайындаған Райбек Меңдіғалиев «Жыл жаттықтырушысы» атанды. «Паралимпиадалық спорт түрлерінен үздік спортшы» аталымында қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының жеңімпазы Азон Шаймардановтың бәсі биік болды. Самбо күресінен әлем чемпионы Нұрбол Серіков «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен үздік спортшы», Индонезияда су добынан өткен ХVІІІ жазғы Азия ойындарыынң жеңімпазы Павел Липилин «Олимпиадалық спорт түрлерінен үздік спортшы» деп танылды.

Айта кетейік, облыс спортшылары ҚР чемпионатында 175, Азия чемпионаттарында 25 және Әлем чемпионатында екі алтын жүлдені иеленді. Биыл өңірде 2 796 спорттық шара ұйымдастырылды.

спорт (31) спорт (44) спорт (47) спорт (49) спорт (52) спорт (64) спорт (60) спорт (77) спорт (65) спорт (89) спорт (93) спорт (95) спорт (91) спорт (99) спорт (102) спорт (83) спорт (104) спорт (113) спорт (121) спорт (110)

 

Нұртай Текебаев,

суреттерді түсірген Айбатыр Нұраш

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале