8-707-808-48-55
4.01.2019, 10:39
Оқылды: 8
БҚО-да тарифтер төмендеді

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтері бойынша тарифтер төмендеді.

 tarif

         Елбасының тапсырмасына сәйкес, тариф ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департаментімен келісілген.

         «Батыс су арнасы» ЖШС-ның су құнын 4,3%-ға, су тарату бағасын 8,1%-ға төмендетті. Бұл «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-ның электр қуаты мен оны тарату тарифтерінің төмендетуіне байланысты.

          «ҚазТрансГазАймақ» БҚӨФ құбыр арқылы тауарлық газды тасымалдаудың 1000 текше метрге құнын 3176,23 теңгеден 2299,21 теңгеге дейін төмендетті.

         Газ бағасы төмендегесін «Жайықжылуқуат» АҚ-ның жылумен қамту қызметі 10,3 пайызға арзандайды. 1 гигакалория үшін төлемақы 4524,31 теңгеден 4 060,39 теңгеге дейін түседі. Жылу ақысы 14,62 теңгеге, есептегіш құрылғылары жоқ тұрғындар үшін ыстық су бағасы 24,59 теңгеге түседі.
Жаңа тариф бойынша жылуға бір шаршы метр үшін төлем 127,9 теңге және су жылыту үшін 215,2 теңге болады. «Деркөл» шағынауданын жылумен қамтамсыз ететін «Электрод» ЖШС-ның қызметі 15,7 %-ға төмендеді (701,14 теңге).

         «Жайықжылуқуат» АҚ-ның қуат бағасының түсіруіне байланысты «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру және бөлу бағасы сағатына 0,57 теңгеден 0,51 теңгеге дейін төмендейді.

         «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-ның бөлшек саудаға арналған жаңа тарифі сағатына 10,42 теңгені құрайды (10%-ға немесе 1,15 теңгеге төмендетілді).

              Сондай-ақ «Ақсайжылуқуат» МКК-ның уақытша өтемдік тарифі төмендейді. Ақсай қаласының тұрғындары судың 1 текше метріне 42,51 теңге, су жіберуге 48,10 теңге, жылудың гигакалориясына 4019,50 теңге төлейтін болады.  Сонымен бірге, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгеннен кейін облыстың монополияға қарсы басқармасының бұйрығымен «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ уақытша өтемақын тарифын бекітті. Электр энергиясын беру және бөлу қызметіне сағатына 5,01 теңге (уақытша төмендету 6,7%).

-Тарифті төмендету мәселесі бойынша облыс әкімдігі, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істедік,- дейді табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Ислямов.

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар