22.04.2019, 18:26
Оқылды: 97

БҚО-да тәртіп сақшысы адасқан қызды тауып, ата-анасымен қауыштырды

19 сәуір күні полиция қызметкері №5 аурухана маңынан 3 жастағы қызды тауып алады.

propavshaya

         Дәл сол күні тәуліктік кезекшілікте жүрген полиция капитаны Тимур Мамбешов көше бойымен жалғыз келе жатқан бүлдіршінді байқайды. «Үйің қай тұста, ата-анаң қайда?» деген сұраққа нақты жауап ала алмағандықтан қызды Орал қаласының полиция басқармасына жеткізеді.

         Ал ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Мадина Құспанова еріктілерге хабарласып, әлеуметтік желіге кішкентай қыздың жоғалғаны туралы ақпарат таратады. Екі сағаттан соң «102» нөміріне хабарласқан әйел үш жастағы қызын жоғалтқанын айтады.

         Тәртіп сақшыларына мәлім болғандай, қыз анасы 3 айлық баласын ұйықтатып жатқан кезде, ойнап келемін деп сыртқа шыққан. Ауладан шығып, көршінің бағын жағалап жүргенде қайтар жолды таба алмай, үйінен адасқан. Қызына қауышқан ана тәртіп сақшыларына рахмет айтып, үйіне қайтты.

Гүламан Исмагулова,

Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале