16.12.2017, 14:56
Оқылды: 28

БҚО-да Тәуелсіздік мерекесіне орай 95 нысан пайдалануға берілді

Темирболат Токмамбетов1816 желтоқсан ел Тәуелсіздігі мерекесі күні Орал қаласында 180 отбасы баспаналы болды.

Зашаған кентінде бой көтерген 9 қабатты үйде басталған қоныстойға Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов арнайы келіп, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

Орал – Саратов тасжолының бойынан орын тепкен тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы басталған болатын. Құрылысын жұмыстарын «Болашақ – Т» ЖШС жүргізді.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік мерекесіне орай 95 нысан пайдалануға берілді. Атап айтар болсақ, 337 отбасы жаңа пәтер кілттеріне қол жеткізді. Орал қаласында 180 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілсе, аудандарда 157 отбасы баспаналы болды. Облыста 8 бірдей әлеуметтік нысан ашылды. Екі білім беру, 3 мәдениет және 3 спорт нысаны мерекеде қолданысқа берілді.

Темирболат Токмамбетов13Олардың арасында «Рухани жаңғыру» музейі, орта мектеп ғимараты, денешынықтыру және сауықтыру кешендері және балабақшалар бар. Жалпы осы күндері жеті ауылға орталықтандырылған таза ауыз су жеткізілді. Сонымен қатар мереке күндері Зеленов ауданында «Менің елім» монументі бой көтеріп, Қаратөбеде кәсіпкерлер үйі мен мал сою бекеті ашылды.
– Бұл зәулім тұрғын үйлер Елбасымыздың «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынуда. Өңірдегі тұрғын үй салу жұмыстарын жергілікті құрылыс компаниялары жаңа технологиямен сапалы әрі уақытылы жүргізуде. Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасымен облыс орталығында 14 көп қабатты тұрғын үй және сегіз ауданда 188 пәтер салынуда. Жалпы биылғы жылы өңірімізде 1 700 пәтерлі тұрғын үй бой көтеруде. Бұл игі бастамалардың барлығы ел тәуелсіздігінің, бірліктің, еліміздегі тұрақтылықтың, халқымыздың еңбекқорлығы мен Елбасымыздың уақытылы қабылдаған мемлекеттік бағдарламаларының аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесі деп санаймын. Халықты тұрғын үймен қамту ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Дегенмен, бұл түйткіл жыл санап шешімін табуда. Осыдан 5-6 жыл бұрын осы жер спортшыларымыз көкпар тартып жүрген ең дала болатын. Бүгінде зәулім үйлермен, мектеп, балабақша, аурухана секілді ғимараттарға толы шағынауданға айналды. Елдегі игі бағдарламалардың арқасында мыңдаған өңір тұрғындары көптеген жылдар аңсаған өз шаңырақтарына қол жеткізіп келеді. Қазіргі таңда «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкі» АҚ салымшылары ретінде 54 мың тұрғын тіркелген. Алдағы уақытта да осы күре жолдың бойынан көп қабатты зәулім үйлер бой көтеріп, талай отбасылары қоныстой тойлайтын болады. Бүгінгі қоныстой иелерін шын жүректен құттықтаймын. Шаңырақтарыңыз бақ пен берекеге толы болсын, – деді Алтай Көлгінов.
Бұдан соң ашылу салтанатында шаңырақ иелеріне көптен күткен пәтерлерінің кілттері табысталып, жиналғандар су жаңа тұрғын үйді аралап көрді.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,
«Орал өңірі»

Суреттер Темірболат Тоқмамбетовтікі

Темирболат Токмамбетов03 Темирболат Токмамбетов10 Темирболат Токмамбетов10 Темирболат Токмамбетов02 Темирболат Токмамбетов06 Темирболат Токмамбетов11 Темирболат Токмамбетов05 Темирболат Токмамбетов18

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале