3.07.2017, 15:51
Оқылды: 17

БҚО-да тонау дерегі азайды  

 

2016082809062229 маусымда Әбілхайыр хан даңғылында тонау қылмысы тіркелді. Оқиға Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы 101-үйдің жанында болған. Белгісіз екі жігіт 1988 жылғы Орал қаласының тұрғынының алтын алқасын жұлып алып қашқан. 


Аталған ауданда орнатылған бейнебақылау камералары арқылы күдікті туралы толық сипаттама алуға мүмкіндік туды. Орал қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция қызметкерлері екі күдіктіні қолға түсірді.

Қазіргі уақытта Орал қаласында бейнебақылау камераларының саны артуда, бұл көше қылмыстарымен күресуде маңызды рөлге ие.

Жыл басынан бері облыс аумағында тонау қылмысының саны 231-ден 174 фактіге дейін азайса ( 24,7%), яғни, қылмыстың ашылуы 72,6 %-дан 86,9%-ға дейін артты. Сондай-ақ, бұзақылық қылмыстарының саны  274-тен 196 фактіге азайды, қылмыстың ашылуы  80,3-тен 87 %-ға дейін жетті.

БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале