24.03.2020, 23:34
Оқылды: 1273

БҚО-да төтенше жағдайлар кезіндегі талаптарды орындамаған 8 мейрамхана иесі қамауға алынды

БҚО ПД Баспасөз қызметі төтенше жағдайлар кезіндегі талаптарды орындамауға байланысты 13 әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді.

Олар таратқан ресми ақпаратта Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстегі 425, 430, 476, 478 және 462-баптың 3-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылатыны айтылған.

Төтенше жағдай талаптарын 13 кәсіпкер орындамаған (476-б.) Оның 11-і жауапқа тартылған: 3-еуіне айыппұл салынып, 8-і қамауға алынған. Екі іс әлі қаралуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале