10.08.2019, 14:19
Оқылды: 267

БҚО-да триатлоннан республикалық біріншілік басталды

Орал қаласында триатлоннан екі күндік республикалық біріншілік басталды. Бүгін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және Қостанай облысынан келген 22 кәсіби спортшы сайысқа қатысуда. Олар «супер спринт» қашықтығы бойынша Elite (18-23 жас), U23 (18-23), U19 (17-19 жас) санатында 300 метр, 8 км веложарыс, 2 км жүгіруден, U23 (15-17 жас) үшін 750 метр жүзу, 20 км веложарыс, 5 км жүгіруден сынға түсуде.

798e533e-43f1-48d7-a827-29c724bcc49c

Ертең осы жарысқа 40-қа жуық әуесқой спортшы қатыспақ. Сайысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен қазақстандық триатлон федерациясы ұйымдастырып отыр.

– Триатлон – ерекше спорт түрі. Республикалық сайыс Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткізілуде. Жайықтың суы жылы. Атлеттер гидрокостюмсіз жүзуде. Жергілікті ұйымдастыру комитеті жақсы дайындалған. Elite санатындағылар триатлоннан ҚР кубогын сарапқа салуда. Ал қалған санаттағылар ел чемпионаты жүлделеріне таласады, - деді қазақстандық триатлон федерациясының спорт директоры Сергей Майр.

Нұртай Алтайұлы

zhaikpress.kz

IMG_0919 IMG_0925 IMG_0930

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале