26.12.2018, 18:25
Оқылды: 31

БҚО-да «Туған жер» жобасына 204 меценат қолдау білдірді

Биыл БҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 267 925 адамды қамтыған 449 шара өткен. «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасы арқылы 252 жоба демеушілер мен меценаттар тарапынан жасалған.

jj

Ол жобалардың 223-і ауылдық округте, 20 жоба аудандық деңгейде, 9-ы қалалық жерде жүзеге асты. Жобаларды жүзеге асыруға 204 меценат (демеуші) қатысты.

Ірі жобаларды айта кетсек:

  1. Орал қаласындағы Еуразия даңғылында, Т.Масин көшесінде тынымбақтар және «Денсаулық саябағы» салынды. Жалпы соммасы – 112 млн.теңге.
  2. Қазталов ауданы, Әжібай ауылында ағайынды Сралиевтер отбасының демеушілігімен ауылға жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті салынды. Жоба құны - 15 млн. теңге. Пункте фельдшерлік, акушерлік, күндізгі ем алу, емшара қабылдау кабинеттері бар.
  3. Ақсай қаласында «Наурыз» саябағы салынды. Тұрғындардың әлеуметтік дамуын жақсарту, балалардың қауіпсіз алаңда ойынмен, спортпен шұғылдануына жағдай жасалды. Саябақ құрылысының жұмысын ұйымдастыруда арнайы «Наурыз саябағы» қоры құрылған болатын. Жоба құны - 28 млн. теңге.
  4. «Жайық самалы» бассейні алдында Street workoutпен айналысу үшін спорт алаңы ашылды. Жоба құны - 7 млн. теңге.
  5. Шыңғырлау ауданы, Белагор ауылында Утва өзені бойынан өтетін көпір салынды. Жоба құны – 7 млн. теңге.
  6. Теректі ауданында «Тақсай» ханшайымы кесенесі тұрғызылды. Жоба құны – 8 млн. теңге.
  7. Жәнібек ауданында Ғұмар Қараш кесенесі аудан тұрғындарымен тұрғызылды. Жоба құны – 8 млн. теңге.

Сондай-ақ, облыс орталығында ерекше мұқтаж адамдарға арналған үй құрылысы басталды. Мақсаты – өңірде сал ауруына шалдыққан, соның ішінде ерекше көмекті қажет ететін жандарға арналған сауықтыру, бейімдеу үйі қызметін қамтамасыз ету. Бұл жобаның құны – 200 млн. теңге.

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале