2.08.2019, 10:05
Оқылды: 249

БҚО-да үш жыл ішінде 132 рет азаматтарға көмек көрсетуге шыққан

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында БҚО ТЖД бастығының орынбасары, подполковник А.Ахметжановтың, Батыс Қазақстан облысы медициналық апаттар орталығы филиалының басшы-дәрігері Р.Байарыстановтың қатысуымен өткен брифингте «Чапаево» трассалық медициналық-құтқару пунктінің жұмысы талқыланды. 

rsk

Брифинг барысында Рафих Байарыстанов "Чапаево" ТМҚП-ның негізгі міндеттері табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету, РКШОЖ, КШОЖ, ТСУ-ға қатысу, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу және т.б. екенін атап өтті.

-2017 жылдан бастап күні бүгінге дейін "Чапаево" ТМҚП қызметкерлері 132 рет көмекке шықты. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына - 104, медициналық қамтамасыз етуге – 1, басқаларға - 2, өзі жүгінгендерге - 24 рет шыққан. Сондай-ақ пункт қызметкерлері 126 адамға медициналық көмек көрсетіп, 108 адамды эвакуациялады, оның ішінде 1-еуі бала, 76 адам ауруханаға жатқызылды, – деді Р. Байарстанов.

Р. Байарстановтың айтуынша, пункттің ұйымдық-штаттық құрылымы 4 фельдшерден, 2 фельдшер-диспетчерден, 2 жүргізуші-құтқарушыдан, 2 санитардан және 2 құтқарушы-санитардан тұрады. Бүгінгі күні ұжым мүшелері толық. Сонымен қатар құтқарушыларда барлық қажетті жабдықтармен жарақталған реанимобиль (Hyundai County) бар.

Брифинг соңында журналистер көкейлерінде жүрген сауалдарына құзырлы тұлғалардан тұшымды жауап алды.

БҚО ТЖД Ішкі және сыртқы

коммуникациялар тобы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале