3.07.2019, 15:41
Оқылды: 487

БҚО-да заңсыз киік аулаған тұрғындар ұсталды

Полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары заңсыз киік аулаған тұрғындарды ұстады, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

saigak (6)

Оқиға Жәнібек ауданында орын алған. 23 маусым күні сағат 10.30 шамасында Ақоба ауылдық округіне қарасты Мәңгүр мен Достық қыстақтарының арасында Адайбай су қоймасы маңынан 4 киіктің ұшасы табылған.

saigak (2)

Сондай-ақ 25 маусым күні сағат 11.00 шамасында Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Астау салған қыстағы маңында 1973 жылғы тұрғын ұсталды. Оның мотоциклінен киіктің екі ұшасы, 4 мүйізі, пышақ, 12-калибрлік, қос ұңғылы аңшы мылтығы және бес оқ-дәрі алынды.

saigak (5)

Қазіргі кезде аталған оқиғалар бойынша ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігіне (заңсыз аңшылық) және 339-бабына (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағыпарақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале