6.10.2017, 11:10
Оқылды: 27

БҚО-да «Жақсы сөз – жанның тынысы» атты сөз сайысы өтті

22290228_747529142111839_2012350938_nҒ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында мекемелер мен кәсіпорындар арасында «Жақсы сөз – жанның тынысы» атты облыстық сөз сайысы өтті.


 БҚО тілдерді дамыту басқармасы мен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға 8 топ қатысып, бақ сынады.

Төрт бағыт бойынша өткен байқау барысында қатысушы топтар «Менің Отаным – Қазақстан» (таныстыру), «Мемлекеттік тілді білу – парызым» (эссе жазу), «Өнерліге өріс кең» (өнер көрсету) және «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (жағдаяттық мәселелер бойынша пікір алмасу, сұраққа жауап беру) сынақтарынан өтті.

22290589_747529055445181_347280555_nБайқау қорытындысы бойынша, «Парасатты полицей» тобы бас жүлдені жеңіп алса, облыстық клиникалық аурухананың «Жан дауа» тобы бірінші орынның биігінен көрінді, «Қазақтелеком» тобы екінші орынды еншілесе, «Денсаулық» тобы үшінші орынды қанжығаға байлады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Серік Ықсанғали

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале