31.05.2018, 17:50
Оқылды: 73

БҚО-да жаңа басқарма құрылды

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 17-сессиясы өтті.  Сессия жұмысына облыс әкімі Алтай Көлгінов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Әділғазы Бергенов қатысты.

Сессияда депутаттар облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігі басқару сызбасын бекіту туралы мәселені де қарады. Облыстық сыртқы байланыс және туризм басқармасы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына біріктірілді, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан мұрағат функциялары бөлініп, Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы құрылды. Сөйтіп басқару сызбасы жаңа басқармамен толықты.

Гүлбаршын Әжігереева

zhaikpress.kz

Фото Темірболат Тоқмамбет

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале