16.07.2018, 16:48
Оқылды: 110

БҚО-да жаңа басқарманың басшысы тағайындалды

NurtazaevБүгін БҚО әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов жаңадан құрылған ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының басшысын таныстырды. 


Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысы лауазымына Нұртазаев Сәкен Рүстемұлы тағайындалды.

Нұртазаев Сәкен Рүстемұлы 1985 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін инженер-технолог мамандығы бойынша, 2011 жылы Стерлинг университетін менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы «КазТрансГазАймақ» өндірістік департаментінің жетекші маман қызметінен бастады. 2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басқармасының сарапшысы болды. 2010 – 2012 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (Астана) сектор меңгерушісі, 2012 жылдан бастап ШҚО әкімі аппаратының бас инспекторы, Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, Семей қаласы әкімінің орынбасары, 2016 жылдан қазіргі күнге дейін Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы болып істеді. Бұл қызметте «Ашық әкімдік», «Smart city» жобаларын дамыту бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің цифрландыру саласына жауап берді.

Еске салсақ, Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын дамыту бойынша міндетін жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен жаңадан ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы құрылған болатын. Аталған басқарма өңір экономикасының барлық салаларын цифрландыру, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен «Smart city» жобаларын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале