1.11.2018, 10:45
Оқылды: 34

БҚО-да жаңа инвестициялық портал іске қосылды

БҚО-да «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде bko.invest.gov.kz инвестициялық порталы іске қосылды.

BQO invest

Өңірдегі инвестициялық климатты  жақсарту, инвестиция тарту мақсатын көздейтін жаңа порталдағы ақпараттар үш тілде (қазақша, орысша, және ағылшынша) берілген. Инвестициялық порталда еліміздегі және шетелдік инвестор үшін қажетті ақпараттар, облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті, даму көрсеткіштері, мемлекеттік қолдау тетіктері, іске асырылып жатқан инновациялық жобалар, даму институттары, «бір терезе» қағидаты бойынша қажетті ақпараттар орналастырылған.

         - Бұл портал (bko.invest.gov.kz) инвесторларға сервистік қызмет көрсетеді. Бұрыннан түрлі, мысалға, облыс әкімдігінің, «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының және өзгеде құрылымдардың сайттары болса, енді соның барлығы бір жерде тоқайласып, өзара кіріккен деуге болады. Бөгде жерден келген инвестор осы сайттан өзіне қажетті инвестициялық ахуал, инфрақұрылымдар, коммерциялық бос жер учаскелері, құрылып жатқан индустриалды аймақ, кәсіпорынды қалай құрып, қалай тіркеу керек, еліміздің заңдылықтары туралы барлық ақпаратты таба алады. Сондай-ақ инвесторлар өз пікірлерін жазуға, жұмыс сапасын жақсарту үшін және кері байланысқа арналған виртуалды қабылдау бөлмесі орналасқан, - деді облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Хасен Тоясов.

Бүгінде облысымызда кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде құны 80 млрд. теңгеден астам 30-дан астам инвестициялық жоба іске асырылуда.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале