16.12.2017, 15:16
Оқылды: 72

БҚО-да жаңа мектеп ашылды

Еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Ұлттық қор қаражаты есебінен 4-ші жалпы орта және қосымша білім беру мектеп-орталығы ашылды.

Темирболат Токмамбетов18(1)Облыс әкімі Алтай Көлгінов халықтың қуанышына ортақтасты.

- Мерекеге орай көптен күткен мектебіміз есігін ашып отыр. Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасымен биыл облыс орталығында 4 мектеп салынды. Биыл осы мектепті ашсақ, қалған үшеуін жаңа жылға қалдырып отырмыз. Бұл мектеп балаларды қаңтар айынан қабылдайтын болады. Балалар үш жыл күткен мектебіндегі оқуын үшінші тоқсаннан бастап жалғастырады. Жазда біз осы жердегі жолды жөндейтін боламыз. Қазір жобасы дайын. Мектептер мен балабақшалар ашылып, ауруханалар мен үйлер салынып жатқаны - халықтың бірлігінің, тұрақтылықтың және әрқайсымыздың еңбегіміздің арқасы, - деді Алтай Сейдірұлы.

Ал ата-аналар атынан сөз алған Алтынбек Абдулманов облыс басшылығына зор ризашылығын білдірді. Салтанатты шарада мектеп құрылысын жүргізген «Альтаир» ЖШС директоры Нұрлан Қуаналиев мектеп директоры Мәулен Дилмағамбетовке жаңа ғимарат кілтін табыс етті. «Апатты жағдайда болған мектеп жаңа стандартқа сай күрделі жөндеуден өтті. Барлық қажетті кабинеттер бар. Робототехника және мүсіндеу-керамика кабинеті бар. Спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтылған», - деген қалалық білім бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
Мектеп 300 орынға арналған. Салтанатты лента қию рәсімі өткен соң, облыс басшысы бастаған қонақтар жаңа ғимараттың ішін аралап, танысып шықты.

Ясипа РАБАЕВА,
Суреттер Темірболат Тоқмамбетовтікі

Темирболат Токмамбетов02(1) Темирболат Токмамбетов05(1) Темирболат Токмамбетов13(1) Темирболат Токмамбетов09(1) Темирболат Токмамбетов10(1) Темирболат Токмамбетов15(1) Темирболат Токмамбетов10(1) Темирболат Токмамбетов16(1) Темирболат Токмамбетов08(1) Темирболат Токмамбетов04(1) Темирболат Токмамбетов01 Темирболат Токмамбетов03(1) Темирболат Токмамбетов07(1) Темирболат Токмамбетов14(1) Темирболат Токмамбетов01 Темирболат Токмамбетов12

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале