4.01.2017, 11:29
Оқылды: 17

БҚО-да жаңа жылдың алғашқы күндері мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелді

              Батыс Қазақстан облысында 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында БҚО ішкі істер департаментінің жеке құрамы күшейтілгенkykik-byzushilik жағдайда жұмыс жасады.

 БҚО ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы кезеңде қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алу шараларына мыңнан астам қызметкер, соның ішінде Ұлттық ұлан жауынгерлері тартылды. Аталған кезеңде облыста 1126 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелсе, соның 11-і - ұсақ бұзақылық, 217-сі - спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орынға мас күйінде келу, 125 адам уақытша бейімделу және уытсыздандыру орталығына (медициналық айықтырғыш) жатқызылды. Сонымен қатар 855 жол ережесін бұзушылықтың жолы кесілсе, соның ішінде 17-сі автокөлікті мас күйінде айдағаны, 18-і жылдамдықты шектен тыс арттырғаны, 26-сы күңгірттелген әйнегі бар автокөлігіне отырғаны, үшеуі бағдаршамның тыйым салған белгісін елемегені үшін ұсталды. Құқық бұзушылардың бәрі тиісті әкімшілік жауапқа тартылды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале