6.12.2018, 12:40
Оқылды: 54

БҚО-да жас тілшілердің «Өрімтал» облыстық фестивалі басталды

Көзіқарақты оқырманның қазан айында «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитов бастаған шығармашылық топтың облыстағы 12 ауданды аралап, оқырманмен жүздесулер ұйымдастырғанынан хабардар. Аудандарға іссапар барысында 7-11 сынып оқушыларына шығарма жаздырылып, үздік үшеуіне жас тілшілердің облыстық «Өрімтал» фестиваліне жолдама берілген болатын.

темирболат (3)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін «Жайық Пресс» медихолдинігінде аталмыш фестиваль салтанатпен ашылды.

-Облысымызда тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл фестиваль аудандық, қалалық іріктеуден өтті. Осы іріктеуден іркілмей, жүзден жүйрік деп танылғандармен бүгін жүздесіп отырмыз. Іріктеу кезеңіне 1000-ға жуық талапкер қатысқан болатын. Соның ішінен 41-і оза шауып, жолдамаға ие болды. Аталған фестивалді өткізудегі негізгі мақсатымыз - енді бүр жарып келе жатқан талапты, талантты жастарды журналистикаға баулып, бағыт-бағдар беріп, томағасын сыпырып, болашақ жас кадрлар ретінде дайындау еді. Сіздер осы арқылы бір-бірлеріңізбен танысып, шығармашылық байланыс орнатуға мүмкіндік бар. Баршаңыздың қаламдарыңыз ұшталып, биік белестерден көрінуіңізге тілекшіміз, - деді фестивалдің ашылу рәсімінде сөз алған «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитов.

Шара барысында оқушылар медиахолдинг басшысына журналистикаға қатысты өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Бұдан кейін жас тілшілер облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттері редакцияларының ішкі жұмысымен танысты.

Е.ЕЛЕКЕНОВ,

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ, Динара КИНДЕРБАЕВА

zhaikpress.kz

Динара (2) Динара (5) Динара (7) Динара (8) Динара (11) Динара (13) темирболат (1) темирболат (2) темирболат (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале