7.12.2018, 21:18
Оқылды: 27

БҚО-да жас тілшілердің тұңғыш облыстық фестивалі мәресіне жетті

Жас тілшілердің облыстық «Өрімтал» фестивалі бүгін өз мәресіне жетті. Бүгін, фестивальдің екінші күні, қатысушылар қаланың көрікті жерлерін аралаумен қатар облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының, Мәншүк Мәметова атындағы тарихи мемориалдық музейінің, сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысты.

Темирболат Токмамбетов5(1)

 

Бұдан кейін Орал қаласындағы Оқушылар және жастар сарайында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереевамен жүздесіп, өнегелі сөздерін тыңдады.

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында аталмыш фестивальдің қорытынды шарасы болды.

-Сіздерге екі күнде әсері мол қызықты сәттер сыйлай алдық деп ойлаймын. Осы екі күнде сіздер қаламгер аға-апаларыңыздың журналистикаға қатысты дәрісін тыңдадыңыздар. Айтылған сөздерден көкейлеріңізге бір нәрсе түйді деп үміттенеміз. Алдағы уақытта сіздердің араларыңыздан қаламгерлер, бас редакторлар, мәдениет және қоғам қайраткерлері шығып жатса, біздің бүгінгі еңбегіміздің зая кетпегені деп білеміз, - деді салтанатты шарада «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитов.

Шара барысында тілші болуға талаптанған 41 жеткіншекке республикалық «Айқын», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің, «Қазақ газеттері» серіктестігінің, «Қазақстан әйелдері» журналының, сондай-ақ бірнеше радионың басын біріктірген «Қазақ радиолары» серіктестігі тағайындаған арнайы жүлделер табысталды.

Е.Елекенов

суреттерді түсірген Т.Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Темирболат Токмамбетов2

 

 

 

 

 

 

 

 

Темирболат Токмамбетов4(1)

 

 

 

 

 

 

 

 

Темирболат Токмамбетов7

 

 

 

 

 

 

 

 

Темирболат Токмамбетов8

 

 

 

 

 

 

 

 

Темирболат Токмамбетов2(1)

 

 

 

 

 

 

 

 

Темирболат Токмамбетов3

 

 

 

 

 

 

 

Темирболат Токмамбетов8(1)

 

 

 

 

 

 

 

 

Темирболат Токмамбетов6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале