12.06.2020, 18:49
Оқылды: 969

БҚО-да жасөспірім қызға сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған қылмыскер 22 жылға сотталды

Бүгін БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жабық сот отырысында Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Ж.К.Сұлтановқа қатысты үкім шықты.

Ukim 2

Судья Бақыт Ермахановтың айтуынша, Ж.К.Сұлтанов 1982 жылы БҚО-да туған. Бұрын екі мәрте ауыр қылмыстармен сотталған, алғаш рет қарақшылықпен 2005 жылы істі болса, 2013 жылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін темір торға тоғытылған. 2015 жылы шартты түрде мерзімінен босап шыққаннан кейін жәбірленушінің анасымен танысып, бірге тұрған. 2016-2019 жылдар аралығында 2008 жылы туылған қыз балаға 7 мәрте сексуалдық сипаттағы әрекеттерін жасаған. Жәбірленуші айтуға қорыққан. Сотталушының кінәсі іс құжаттарымен толық дәлелденгенімен, жасаған іс-әрекетін ол тек ішінара мойындады.

Ж.К.Сұлтанов ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметтермен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 60-бабының негізінде үкімдердің жиынтығымен 23.04.2013 жылғы сот үкімі бойынша жазасының өтелмеген бөлігінен екі жыл мерзімін ішінара қосу арқылы түпкілікті Ж.К.Сұлтановқа педагогикалық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚК-нің 14-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағына сай Ж.К.Сұлтановтың іс-әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталануы танылып, оған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз, соның ішінде алғашқы 5  жылын қылмыстық атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале