25.01.2020, 23:42
Оқылды: 244

БҚО-да жастар музыкалық театрының тұсауы кесілді

Бүгін Орал қаласында алғаш рет «Мюзиклдар мен кинофильмдердің әуендері мен әндері» атты концерт ұйымдастырылып, Жастар шығармашылық орталығы жанынан ашылған Жастар музыкалық театрының ресми тұсаукесері өтті. Өнер кешіне облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысты.

IMG-20200125-WA0139-800x601

Жастар шығармашылық орталығында болған кеште көрермен назарына танымал отандық және шетелдік кинофильмдер мен мюзиклдердің театрландырылған үзінділері ұсынылды. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, дирижер Артур Оренбургскийдің басқаруымен және облыс әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Жастар музыкалық театры «Достар серті» мюзиклін орындады. Сондай-ақ өнер кешінде «Вестсайдский история» мюзиклінен «Tonight» әні, «Моя прекрасная леди» мюзиклінен «Я танцевать хочу» әні, «Тақиялы періште» фильмінен «Гололед» әні, «Двенадцать стульев» кинофильмінен «Белеет мой парус» әні, «Ангел в тюбетейке» фильмінен «Песня про Одиссея» әндері шырқалды.
- Қайырлы кеш, қымбатты жерлестер! Бүгінгі мәдени кешті ұйымдастырушыларға, Жастар музыкалық театрының әртістеріне алғысым зор. Мюзикл – өнер саласындағы ең қиын жанр. Мұнда ән айтылады, би биленеді, актерлік шеберлік те көрсетіледі. «Достар серті» премьерасы көңілімізден шықты. Театрланған қойылымның көрермен жүрегінен жол тапқаны Артур Оренбургскийдің, сондай-ақ Жастар музыкалық театр әртістерінің актерлік шеберлігі мен еңбегінің нәтижесі деп ойлаймын. Еңбектеріңіз еселене берсін,- деді концертті тамашалаған облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Гүлсезім Бияшева,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале