13.04.2020, 22:27
Оқылды: 165

БҚО-да жасы 65-тен асқандардың көшеге шығуына тыйым салынды

Мұндай адамдарға бірінші қажеттіліктегі тауарлар мен дәрі-дәрмектерді, азық-түлікті еріктілер жеткізіп беруі тиіс. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте өңірдің бас санитариялық дәрігері Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.

3ffd9a4f-3bb9-41b5-bbeb-fb7261fa9443

Сондай-ақ облыс аудандарында және Орал қаласында карантиндік режім 30 сәуірге дейін ұзартылды. М.Арыспаев енгізілген қосымша шектеу шаралары туралы да айтты.

Қала ішіндегі қозғалыс мекенжайдан жұмыс орнына дейін немесе керісінше жұмыс орнынан берілген анықтамамен жүзеге асырылады. Жұмыс беруші жедел штабпен бекітілген мекемелер тізімінде болуы тиіс.

Облыс аумағында кәмелетке толмағандардың қозғалысына да тыйым салынды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале