26.04.2017, 11:44
Оқылды: 73

БҚО-да жаяу жүргіншілерге қатысты 39 жол-көлік оқиғасы орын алды

skor     Батыс Қазақстан облысында биылғы үш айда жаяу жүргіншілердің қатысты 39 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 4 адам қаза тауып, 36-сы түрлі жарақат алды.

     БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде жаяу жүргіншілердің кінәсінен 6 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам көз жұмып, төртеуі жарақат алды.


       Жол-патрульдік полиция қызметкерлері жыл басынан бері жаяу адамдардың белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуіне байланысты 645 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.

   Қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты жүргізушілердің жаяу жүргіншілер өткелінде жол ережесін сақтауын (ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 615-бабы) бақылау күшейтілді.

  Айта кетейік, осы мерзімде жаяу жүргіншіні өткізбеген 111 жүргізуші ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 600-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале