3.08.2018, 13:46
Оқылды: 64

БҚО-да жедел жәрдем станциясы екі көлікпен толықты

reanimobil (1)Облыстық жедел жәрдем станциясы екі реанимобильді көлікпен толықты. "Volkswagen Crafter" реанимобиль көлігі «Алтынмед» ЖШС арқылы сатып алынған. Реанимобильді көліктердің тиімділігі мен заманауи технологиямен жабдықталғандығын жедел жәрдем станциясының мамандары БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты.


"Жедел жәрдем" көлігінің салонында ыстық, салқын су, бір көп функционалды кресло мен  дәрі-дәрмек сақтауға арналған арнайы сейф бар. Медициналық жабдықтардың барлығы Германияда жасалған.

reanimobilСанавиация анестезиолог-реанимотологы Тимур Ғабшакировтың айтуынша, облыс орталығынан шалғай жатқан ауылдардағы науқастарды толық мамандандырылған көмек көрсету орталығына жеткізу үшін  реанимобильді көліктің маңызы зор. Мұнда ауа климатын бақылайтын құрылғы мен өкпені жасанды тыныстандыру және оны тұрақты түрде оттегімен қамтамасыз ету  аппараты орнатылған. Яғни науқастың өмірін сақтап қалу мақсатындағы барлық медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Жедел жәрдем станциясы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Гүлнар Жұмағалиеваның мәліметі бойынша, облыстық жедел жәрдем диспетчеріне күніне 500-550 шақыртулар келіп түседі екен. «Жедел жәрдем» көліктерінің барлығы планшеттермен қамтамасыз етілген. Жедел жәрдем диспетчеріне келіп түскен шақыртулардың мекенжайы автоматты түрде реанимобильді көліктердегі планшетке жіберіледі.

- Облыстағы жедел жәрдем станциясында 77 санитарлық көлік бар. Оның 44-і Орал қаласына, қалған 33-і аудан-ауылдардағы жедел жәрдем бөлімшелеріне тиісілі. Орал қаласы бойынша күніне 25 медициналық бригада жолға шығады,- дейді Гүлнар Жұмағалиева.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале