3.10.2018, 16:23
Оқылды: 87

БҚО-да жел күшейеді

 «Қазгидромет» РМК-ның БҚО филиалының 2018 жылғы 3 қазандағы мәліметі бойынша, 4 қазан түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

jel

Оралда ертең күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.

Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар басқармасы ескерту жариялап, тиісті орындарға хабарлады.

Төтенше жағдай қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарласуға болады: 51-42-22, 51-39-35 (факс), 112.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале