8-707-808-48-55
12.09.2018, 15:38
Оқылды: 70
БҚО-да жемқорлыққа қарсы 4 әлеуметтік жоба іске асырылуда

Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аймақтық комиссия отырысы өтті.

ospanqulov (1)

Жиында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында облыс аумағында және жекелеген аудандарда атқарылып жатырған істер, сондай-ақ бизнес саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың облыс аумағында орындалуы туралы баяндаған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Даумовтың мәлімдегеніндей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша 2018 жылы үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе 4 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Жалпы жобаларды жүзеге асыруға 8 млн. 500 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. 2017 жылмен салыстырғанда бұл бағытқа қаржының бөлінуі 32 пайызға өскен. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 20 000 дана А3 және 200 000 дана А5  форматындағы плакаттар шығарылып, Орал қаласы мен 12 аудан бойынша халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындарға таратылған. 800 мың дана А5 форматындағы флаерлар - «Батысэнергоресурсы» компаниясы абоненттік түбіртектерінің артқы бетіне орналастырылып, облыс жұртшылығына тарату үшін табысталды. Нәтижесінде тамыз-қыркүйек айларында 30 000 флаер таратылса, қазан-желтоқсан айларында 150 000 флаерді тарату жоспарлануда. Жоба аясында жоғары оқу орындары оқытушыларының, ҮЕҰ өкілдерінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен қыркүйек-желтоқсан айларында семинар-тренингтер, дебаттық ойындар, кең көлемді акциялар ұйымдастыру жоспарлануда. Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен ағымдағы жылы «Өңір жастарының қоғамдағы құқықбұзушылыққа төзбеушілік және жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін арттыруға бағытталған «Жастар бақылауы» жобасын жүзеге асыру» әлеуметтік жобасы аясында жергілікті бюджеттен 2 млн. 400 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Орал қалалық ішкі саясат бөлімімен ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдық құқық бұзушылыққа және тәртіпсіздікке «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатындағы іс-шаралар өткізу жобасы бойынша 1 млн. 500 мың теңге қаражат бөлінген.

Жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы да баяндалды.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

Zhaikpress.kz

ospanqulov (4)

 

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру