11.06.2019, 15:33
Оқылды: 35

БҚО-да жіті ішек ауруларының инфекциясы төмендеген

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ринат Құбатаев биылғы бес айда өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанын айтты.

 infeksyia

 Тырысқақ, құтыру, оба, сібір жарасы, іш сүзегі, қызамық, дифтерия, полиомиелит, эпидемиялық паротит, көкжөтел, сіреспе, безгек аурулары тіркелмеген. 18 жұқпалы ауру бойынша, оның ішінде ротавирустық энтерит 4,7 есеге, анықталмаған жіті ішек инфекциялары 2,5 есеге төмендеген, скарлатина 6 оқиғаға, жіті вирустық гепатиттер 7 оқиғаға, ЖРВИ, тұмау 21,2 есеге, энтеробиоз 25,1%, дерматомикозбен 6 оқиғаға төмендеген.

Сондай-ақ облыста жіті ішек инфекциялары бойынша жағдай қалыпты. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 2,04 есеге төмендеген, бұл аурулармен 62 жағдай тіркелді. Оның 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 9,5-ті құрады. (2018жылдың 5 айында 142 оқиға тіркелген, ол 100 мың тұрғынға шаққанда 22,1 көрсеткішті құраған). Одан басқа қызылша ауруының 100 жағдайы тіркелген, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 43 жағдай (43,0%) тіркеліп отыр. Сырқаттанғандардың жалпы санынан, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар арасында 19 оқиға анықталған және ауру балалардың жалпы санына шаққандағы үлес салмағы 44,1%-ды құрады. Қызылшамен ауру жағдайлары алты әкімшілік аумақта, оның ішінде Бөкейордасы ауданында 6, Бәйтеректе 20, Бөрлі ауданында жеті, Сырым және Теректі аудандарының әрқайсында төрт,  Орал қаласында 59 оқиға тіркелген. Ошақтарда індетке қарсы іс-шаралардың барлық кешені жүргізілген.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале