3.01.2018, 18:45
Оқылды: 52

БҚО-да жол апаты төрт адамның демін үзді

avariaҚаңтардың 2-сі күні Орал – Атырау автожолының 98-шақырымында көлік апаты орын алды.


Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округіндегі Самал елді мекені тұсында болған. Атырауға жол тартқан «Фольксваген Пассат Седан» жүргізушісі «КамАЗ» жүк көлігін басып озбақ болады. Бірақ жеңіл мәшине қарама-қарсы жүйткіген «Киа Рио» аутокөлігіне соқтығысқан. Апат салдарынан 40-50 жас шамасындағы екі әйел қаза болды. Бес адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Ауруханада 50 жастағы ер адам қайтыс болды. Ес-түссіз күйінде жеткізілген 55 жастағы әйелге ота жасалғанымен, дәрігерлер оның жанын ажалдан арашалап қала алмады. Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы ауыр. Апатқа ұшырағандардың бәрі – облыс тұрғындары.

Айта кетейік, желтоқсанның 29-ы күні Самара – Шымкент жолының 357-шақырымында жол-көлік апаты болған еді. Сырым ауданының Алғабас ауылы тұсында «Ивеко» жүк көлігіне соқтығысқан «Лада Приорадағы» 1984 және 1983 жылғы қос азамат қайтыс болды.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале