30.10.2018, 11:55
Оқылды: 216

БҚО-да «Жомарт жүрек» иелері марапатталады

БҚО-да 2018 жылдың 9 айында «Туған жер» жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында 166 жоба демеушілер мен меценаттар тарапынан жүзеге асқан.

524117-1488804243

Оның 138-і ауылдық округте, 20 жоба аудандық деңгейде, 8-і қалада.

«Жомарт жүрек» базалық бағыт бойынша 24 мамыр мен 5 қазан аралығында 12 аудан мен Орал қаласында «Жомарт жүрек – 2018» премиясы табысталды. Ауданда 121 меценат, 5 волонтер марапатталды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәлімдеуінше, бүгін 11 аталым бойынша облыста ірі жобаларды жүзеге асырған меценаттар, қоғамдық жұмысқа белсенділік танытқан еріктілер және ерлігімен көзге түскен батыл жүректі азаматтар «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталатын болады.

 

zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале