11.10.2018, 18:22
Оқылды: 77

БҚО-да «Жұбан оқуларының» жеңімпазы анықталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық мәдениет басқармасы, Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ақиық ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жұбан Молдағалиевтің құрметіне «Ақжайықтың тұмары, жасын жырдың Жұбаны» атты дәстүрлі «Жұбан оқулары» байқауы өтті.

jubs

Дәстүрлі байқауға қаладағы орта, арнаулы кәсіптік және жоғары оқу орындарынан 17 үміткер қатысты. Қатысушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу не ақын сөзіне жазылған ән орындаудан, Жұбан мұрасына қатысты тосын сұрақтардан, жасырын конвертке  атауы салынған ақынның бір өлеңін жатқа айтудан, ақын өлеңінен дайын ұйқасты пайдаланып, одан әрі өзі ойынан жалғастырудан бақ сынады.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Зафура Мамутқа бұйырды. Ал І орынды М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың студенті Ақниет Қайырғалиев, ІІ орынды технологиялық коллджінің студенті Жандарбек Мажит пен Ж. Досмұхамедов атындағы педколледждің студенті Береке Орынбасар алды. Ал ІІІ орынды технологиялық колледжінің студенті Асылзада Мұратова, М.Өтемісұлы атындағы университеттің мәдениет және өнер факултетінің студенті Құрманай Заур, республикалық жоғарғы технологиялық колледждің студенті Нұртілек Жангелдинев бөлісті.

Гүлнәр ШӘҢГЕРЕЙ,

zhaikpress.kz

juban 2

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале