1.04.2020, 20:30
Оқылды: 138

БҚО-да жүк тасымалына ешқандай шектеу жоқ

Ал адамдардың себепсіз жүруіне жол берілмейді. Қоғамдық көліктердің жүру уақыты өзгерді. Орал қалалық әкімдігінде жедел штаб және 50-02-55 нөмірінде call-орталық үздіксіз жұмыс жасайды. Бұл жайлы Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов онлайн брифингте айтты.

Штаб қызметі аясында шаһарымыздағы әр түрлі салаларды қамтитын шағын және орта бизнес өкілдерінің сұрауларына, қала тұрғындарының сауалдарына жауап беруде.

690077f5-7249-4cd7-92fe-5d40b1be6ffd

-Әсіресе, қаланың тіршілігін қамтамасыз етеміз деген сұрақпен бизнес ұйымдары мен кәсіпорындар тарапынан тек кеше, 31 наурыз күні 190 өтініш түсті. Қызметтерін жалғастыруға 71 ұйымға рұқсат берілсе, 119 ұйым мен кәсіпорынға рұқсат берілмеді. Бүгін, 1 сәуір күні, сағат 17.00-ге дейін 220 өтініш түсті. Оларды оперативті штаб қарастыруда. Ертең таңға дейін, тәулік бойы үлгермегендер өтініштерін жібере берсе болады.

Карантин кезінде жүк тасымалдарын жүзеге асыратын автокөлік құралдары мен тұлғалар ешқандай шектеусіз Оралға кіре алады және шыға алады. Тағы да қайталап айтамын, жүк тасымалдауға ешқандай шектеу жоқ! – деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале