12.11.2019, 13:32
Оқылды: 110

БҚО-да жыл аяғына дейін 26 ауыл ауыз су жүйесіне қосылады

Биыл БҚО-ның 40 ауылына су тартылуда. Яғни 29 сумен қамту нысанының құрылыс жүруде, кейбірі жаңадан салынуда. Ол ауылдарда 54 мыңдай адам тұрады. Бұл жұмыстарға 4,3 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бұл жайлы Нұр-Сұлтан қаласында өткен орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Ғали Есқалиев айтты.

terekti su (5)

Жыл аяғына дейін 35 мыңдай халық мекен еткен 26 ауыл ауыз су жүйесіне қосылады. Сонда облыстағы халықты орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші 81 пайыздан 86,6 пайызға жетпек.

Жалпы саны алты мыңдай тұрғыны бар 16 ауылға газ тарту жұмыстары жалғасуда. Оның 9-ы жыл соңына дейін көгілдір отынның игілігін көреді деп жоспарланған. Бұл жобалар іске қосылғанда батысқазақстандықтардың газ жүйесімен қамтылуы 95,4 пайыздан 96,1 пайызға жетеді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале