30.04.2019, 18:42
Оқылды: 348

БҚО-да жыл басталғалы бір орман өрті тіркелген

 Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның селекторлық режимдегі отырысы өтті.

 64e496b1-c38d-4b2d-96aa-b35007fff059

         БҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжановтың мәлімдеуінше, өткен қыс мезгілінде атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде облыс бойынша ірі төтенше жағдайлар орын алмаған. Қыс кезінде ауа-райының қолайсыз жағдайынан жолдардың жабылуы және жол қозғалысын шектеудің 106 фактісі тіркелген. Төтенше жағдайларды жоюға 673 бірлік техника, 1 786 адам жұмылдырылған. Қар құрсауынан барлығы 1 636 адам құтқарылып, 226 тұрғын эвакуацияланған және 623 бірлік техника қауіпсіз жерге шығарылған. Су тасқынының алдын алу мақсатында 107 текше метр арықтар тазаланып, 5 шақырым бөгеттер биіктетілген. Сондай-ақ облыс бойынша барлығы 1,5 млн. текше метр қар, 69 мың шаршы метр қар суы шығарылған.

         Ал аталған департамен басшысының орынбасары Нұрлан Таубеков өз баяндамасында жаз мезгіліндегі табиғи өрттің және суға түсу маусымында адам өлімінің алдын алуға бағытталған шараларға тоқталды. Оның айтуынша, биылдың өзінде ауданы 890 гектарды құрайтын 54 табиғи жану және аумағы 2,5 гектар болатын бір орман өрті тіркелген. Облыс бойынша табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру үшін бүгінде 2 759 адамнан жасақталған 150 ерікті өрт сөндіру құрамасы құрылған. Сондай-ақ 367 трактор, 126 су тасығыш, 366 басқалай техникалар мен 1 758 аспалы өрт сөндіру құралы және 119 дана мотопомпа әзіргенген. Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған 69 орын белгіленген. Сондай былтыр 210 шомылуға болмайтын жерге тыйым салу белгісі орнатылған болса, бүгінде оларды жаңарту және қосымша белгілер қою жұмыстары атқарылуда.

         Комиссия отырысына төрағалық еткен Ғ.Есқалиев құзырлы басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне келер қыс мезгіліне техникаларды күні бұрын даярлап, дала өрттері мен тұрғындардың суға кетуін болдырмауға бағытталған шараларды күшейте түсу керектігін тапсырды.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

1594ff94-9561-4ced-9c73-e8a3c64d27fa

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале