28.04.2018, 12:18
Оқылды: 48

БҚО-да жыл басынан бері 57 өрт оқиғасы тіркелді

DSC_0365Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жазғы мезгілде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және «Өрт қауіпті кезеңге өртке қарсы қызметі мен орман шаруашылығы мекемелерінің дайындығы туралы» тақырыбында брифинг өтті. Оған облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының су ресурстары бөлімінің басшысы Марат Машекенов қатысты.

 Жаз кезі  - бұл адамдардың табиғат аясына демалуға шығатын керемет кезі. Жазда балалардың көптен күткен жазғы демалысы да басталады. Өкінішке орай, осы уақытта адамдардың жарақат алу, суда қаза болу, табиғи өрттер санының өрістеуі байқалады.

Қазіргі сәтте облыстың су айдындарында судағы қауіпсіздік ережелері талаптарын сақтау туралы ақпараты бар 216 «Шомылуға тыйым салынады» белгісі мен стенд орнатылған.

Судағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстарға қарамастан, 2017 жылғы шомылу кезеңінде су айдындарына 18 адам батып кетті, оның 5-і бала болды.

Батыс Қазақстан облысының орман қоры 216,8 мың га. немесе облыстың жалпы аумағының 0,6% құрайды. Орманды және жануарлар дүниесін қорғаумен айналысатын 8 мемлекеттік мекеме жұмыс істейді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу және сөндіру үшін 2966 адамнан тұратын 150 ерікті өртке қарсы құрамалар (әрі қарай - ЕӨҚ) құрылды. Елді мекендерді күзету бойынша ЕӨҚ құрал-жабдығында: 9 автоцистерна және 448 басқа икемделген техника, 1701 аспалы өрт сөндіргіш, 105 мотопомпа және 1546 басқа алғашқы құрал бар.

Биыл жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы аумағында жалпы ауданы 724 га. құрайтын 57 өрт тіркелді. Негізгі себебі - халықтың отқа салғырт қарауы және құрғақ шөпті рұқсатсыз жағуы.

Бұны болдырмау үшін Департамент Жергілікті полиция қызметінің атты батальонымен бірге рейдтер ұйымдастыруда.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 7 өрт сөндіру бекеті құрылды: Бөрлі ауданында – 3 (Успен, Ақсу, Киров ауылдарында), Зеленов ауданында  - 2 (Үлкен Шаған және Егіндібұлақ ауылдарында), Қазталов аудынында – 1 (Болашақ ауылында) және Теректі ауданында (Аңқаты ауылында). Аталған өрт сөндіру бекеттері маңайындағы 22 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале