26.08.2019, 17:42
Оқылды: 454

БҚО-дағы мешітте 300 балаға оқу құралдары табысталды

Орал қаласының орталық мешітінде "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

meshit (4)

         Шара аясында әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардан 300 оқушыға мектепке қажетті сөмке мен оқу құралы табысталды. Қайырымдылық шарасына облыстағы мешіт қызметкерлері мен өңірдің жомарт жүректі азаматтары демеушілік еткен.

meshit (1)

         -Бүгінгі шара көп балалы және аз қамтылған отбасыларға деген қамқорлық. Осыған ұйытқы болған жамағатқа, азаматтарға алғыс білдіреміз. Біздің мақсатымыз біреу ғана - барыңды бөлісіп, "Мектепке жол" акциясы арқылы отбасыларға қолдан келгенше жәрдем беру,- дейді шарада сөз алған ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имам Мұратбек Қыстаубаев.

Үміт Ізтелеу,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале